Шығыс Қазақстан облысында 17-19 наурыз аралығында су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күннің күрт жылуы мен жаңбыр жаууы салдарынан су тасқыны жүруі ықтимал.
«Ауа температурасының жоғарылауынан қар еріп, 17-19 наурыз аралығында кей учаскелерді су басу қаупі туындауда. Осы ретте тұрғындарға тасқын кезіндегі іс-қимыл ережелері түсіндіріліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, өңір бойынша 1 млнға жуық текше метр қар шығарылған.