ШҚО-да алдағы 3 күнде қар көшкіні қаупі сақталады

146
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 3 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23-25 қаңтар аралығында өңірдің таулы жерлеріне бармаған дұрыс. Себебі онда қар көшкіні жүру қаупі бар. 

-  Бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаңыз, - деп ескертті құтқарушылар.