Шығыс Қазақстан аумағында сенбі және жексенбі күндері күннің ыстығы +30…+32… градус аралығында сақталады. Сенбі күні синоптиктер жаңбыр жауатынын болжап отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, сенбі күні Шығыс Қазақстанда көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жаууы ықтимал. Бірақ, термометр көрсеткіші ертең күндіз +30 градустан төмен түспейді. Ал жексенбі күні көшпелі бұлт жүргенімен, болжамға сәйкес аптаның соңғы күні жауын-шашынсыз өтеді. Бұл күні күндіз +32 градусқа дейін ысиды. Жексенбіде түнде ауа темпетуратурасы +15…+17 аралығында болады.