2-4 қарашада суық атмосфералық фронттар шығыс бағытта өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдағы күндері республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын, тұман, көктайғақ және екпінді жел болуы ықтимал.
«Ауыспалы суық антициклон әсерінен ауа температурасы минус 3-12 градуске дейін төмендейді» делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.