ШҚО-да алдағы күндері күннің суытуына байланысты ескерту жарияланды

768
көрілім

Шығыс Қазақстанда алдағы күндері түнгі уақытта термометр көрсеткіші -5-ке дейін төмендеуі ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, күн 17-19 мамыр аралығында суытады. 17 мамыр күні күндіз ауа температурасы +13…+15 аралығында болса, кешке +8…+10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Көшпелі алабұлт жүргенімен, жауын-шашын жаумайды. Ал 18 мамыр күні, яғни бейсенбіде термометр көрсеткіші +15…+18 көрсетсе, түнде көрсеткіш +1…+3-ке дейін төмендеуі ықтимал. Жаңбыр жаумайды.