Өңірде алдағы күндері ауа температурасы бес градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сүйенсек, алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады.
– Бірқатар өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің шығысында жаңбыр жаууы күтіледі, – делінген мәліметте.
Түнде температура + 5°C, күндіз +15°C аралығында болады деп күтілуде.
shkoda_aldahy_kunderi_zhel_sohyp__burshak_zha
59