ШҚО-да алдағы үш күнде әлі де жауын-шашын болмақ

388
көрілім

Қазгидрометтің хабарлауынша, 11-13 маусым аралығында республиканың көп бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


- Қазақстанның көп аймақтарындағы тоқтаусыз жауған жаңбыр Баренц және Солтүстік Орал теңіздерінен соққан дымқыл әрі салқын ауаның себебінен, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары, - Еліміздің басым бөлігінде алдағы уақытта дауылды, жауын-шашынды күн райы сақталмақ. Ауа температурасы 3-5°С шамасында.