Облысқа алдағы жылыту маусымында 4 271 мың тонна көмір қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Бірінші кезекте, өткен жылдағыдай көмір жеткізуде олқылықтар болмас үшін Энергетика және ТҮКШ басқармасына «ҚТЖ» ҰК және «Қаражыра» АҚ-мен бірлесіп, әр ай бойынша тиеу кестесін нақты деректермен әзірлеу керек. Алдағы жылыту маусымына бізге 4 271 мың тонна көлемінде көмір қоры қажет. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға артық, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, 10 жылу электр орталығы, 4 ГЭС, 520 қазандық, барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер жылыту кезеңіне дайын болуы тиіс.
– Ал қиындықтар туындаған Риддер жылу электр орталығына қатысты айтар болсақ, жақын күндері оған бейінді министрліктен комиссия келеді. Орталық басшылығы жөндеу жұмыстарына 5 млрд теңге қажет екендігін айтты. Бірақ мұндай шығындардың құжаттық негіздемесін әлі ұсынған жоқ, – деді Даниал Ахметов.