16 жасқа толып жеке куәліктерін алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған шығысқазақстандықтарға 60 астам жеке куәліктер берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Наурыз» мейрамының қарсаңында барлық ШҚО Полиция департаментінің аудандық полиция бөлімдерінде мерекелі салтанатты шара өткізілді. Жас азаматтарға ең алғаш рет құжат алуларына байланысты құттықтап, сыйлықтар берілді. Шараны өткізу кезінде «Нұр-Отан» партиясы, әкімшілік және білім беру мекемесінің өкілдері қатысты.
Балалардың ата-аналары көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді. Адамның бірінші құжаты - бұл үлкен өмірге деген бірінші қадам, ал өткізілген мерекелі шара бұл екі есе жанға жайлы.