Прокуратураның үйлестіруімен сот орындаушылары алимент төлемейтіндермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соңғы үш жылда букмекерлік кеңселерге бәс тігіп, олардың шоттарына 100 млн теңгеден астам ақшаны қайтарымсыз аударған жалпы қарызы 84 млн теңгені құрайтын 75 алимент төлемейтін тұрғын анықталды.
- Олар осы қаражатты 98 баланың пайдасына алимент төлеуге жұмсауы мүмкін еді. Прокуратураның үйлестіруімен сот орындаушылары алимент төлемейтіндермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде борышкерлер құмар ойындарға өздерінің қатысуын «eGov-Mobile» мобильді қосымшасы арқылы бұғаттады, - деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.
Алимент өндіру саласындағы осы және басқа да мәселелер Шығыс Қазақстан облысының заңдылықты, құқық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды.