Бүгін Өскемен қалалық Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайлы Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Алтайдың төрінде өткен конференцияға Түркия, Жапония, Үндістан, Корея, Әзірбайжан елдерінен келген ғалымдар қатысты.
– Бүгінгі конференция биыл Алтай жерінде 4-ші рет ұйымдастырылды. Жиын әр елден келген ғалымдардың қатысуымен өтті. Бұл біздің басқа елдердің ғалымдарының қазба жұмыстарын қалай жүзгізіп жатқаны жайлы тәжірибе алмасуымызға зор мүмкіндік тудырды. Сонымен қоса түркі әлем толықтай зерттеуге жол ашты, – дейді археолог Зайнолла Самашев.
Жиын барысында ғалымдар тарихы терең сақ қорғандары туралы мазмұнды баяндама жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шарадан мұрағат, орта мектеп, сонымен қатар білім беру мекемелерінің қызметкерлері барынша құнды мәліметтер жинап қайтты.
Таунар ҚАЙРАТ