Өңірде ақпан айының 22-нен бастап «Қызметтік қару» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс көлемінде сақталған қару мен олардың патрондарын тексеру бойынша 26 бірлескен топтар құрылды. Атап айтқанда, өз қызметінде қызметтік қаруды сақтау мен қолдануды пайдаланатын заңды тұлғаларға тексеру жүргізіледі. Оларға күзет агенттіктері, жеке күзет агенттіктері, инкассация қызметі, фельдъегерлік байланыс және «Қазпошта» АҚ жатады.
Мамандар оларға бекітілген қызметтік қару мен олардың патрондарын толық тексеру бойынша нақты міндеттерді қойып, іске асыру нұсқауын түсіндірді.
- Мәселен, операцияны жүргізудің төрт күні ішінде тәртіп сақшыларымен 170-тен астам объектілер тексерілді. Қызметтік қару мен оның патрондарын түгендеу барысында жетіспеуі мен артық қалу фактілері анықталған жоқ. Қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы), - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Айта кетсек, тексеру нәтижелері бойынша жеке ұйымның бір филиалына қатысты сомасы 29 170 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Онда осы мекеменің күзетшісі кезекшілік кезінде қызметтік қару-тапаншаны үстелдің астына қойған.
«Қызметтік қару» жедел-алдын алу шарасы наурыз айының 5-не дейін жалғасады.