«AMANAT» партиясы ШҚО филиалының гуманитарлық пунктіне шығысқазақстандықтардан Қостанай облысында зардап шеккен жерлестерімізге көмектер жиналуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Кешеден бері «AMANAT» партиясының облыстық филиалында және аудандар мен қалалардағы барлық филиалдарда Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету бойынша жедел орталықтар ашылған болатын. Қазір аудандар мен қалалардағы жиналған заттар осында әкелінуде. Біраз уақыттан кейін арнайы көмек Қостанай облысына жіберілетін болады, - деді «AMANAT» партиясы Өскемен қалалық филиалының атқарушы хатшысы Арайлым Есімбекова.
Қазіргі таңдағы партияның облыстық филиалында орналасқан гуманитарлық пунктке 2 тонна ұн, қарақұмық 30 кг, 1 тонна макарон, күріш 50 кг, 2 тонна күнбағыс майы.
Сонымен қатар бірінші қажеттілік заттары-минералды ауыз су 1 тонна, шай 95 қаптама, 25 дана электр шәйнектер және өзегде гигеналық заттар жиналды. Қостанайлық бауырларға гуманитарлық көмек жинау жалғасуда.