ШҚО-да «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымдарының есептік жиындары басталды

549
көрілім

«AMANAT» партиясының аудан қалалардағы бастауыш партия ұйымдарының есептік жиындары басталды. Екі аптаға созылатын іс шара барысында әрбір бастауыш партия ұйымдары жарты жылда атқарған жұмыстары бойынша сайлаушылардың алдында есеп беретін болады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Оның ішінде өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған «Жол картасындағы» іс –шаралардың орындалуына да тоқталмақ.
Өскемен қаласындағы №7 бастауыш партия ұйымында өткен жиында Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі  Руслан Исраилов осы жылдың 8 айында өзі сайланған аумақта атқарылған жұмыстарға тоқталды.


«Осы аумақтан сайланған депутат ретінде тұрғындармен үнемі кездесу өткізіп азаматтардың мәселесін тыңдап оның шешілуіне атсалысудамыз. Біз үшін сайлаушылардың түйткілді мәселесін шешу басты орында. Осу уақытта дейін қалалық мәслихатта  көтерілген бірнеше мәселе оң шешімін тапты. Біз белсенді жастармен және тұрғындармен бірлесіп сенбіліктерге және  өзгеде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысудамыз. Атап айтқанда Абай облысындағы орман өрті кезінде осы аумақтағы партияластар, қарапайым тұрғындар гуманитарлық көмекке қол үштарын созды. Сонымен қатар «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» сияқты партиялық жобаларда сәтті жүзеге асырылуда» деп атап өтті ол.
Сонымен қатар мұндай есептік жиын Ұлан ауданындағы Таврия бастауыш партия ұйымында да өтті.