Бүгін Өскеменде «Amanat» партиясының бастауыш ұйымдары төрағаларының Өңіраралық 1-форумы өтті деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Өңірлік форум ШҚО мәслихатының төрағасы Денис Рыпаковтың сөзімен басталды. Оның сөзінше, алдағы уақытта өңірлерде көптеген жаңашылдықтар мен толықтырулар болады.
- Партия тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнату үшін ұйымның мақсаты айқын, оның өкілдері еңбекке қабілетті болулары қажет. Облыстық мәслихат депутаттары «Amanat» партиясының құрамында. Олар қоғамда қалыптасқан түрлі мәселелерді шешуде шет қалып жатқан жоқ, - деді ол.
Сонымен қатар «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова сөз алып, партия ұйымдарының атқарған жұмыстарына кеңірек тоқталды. Айтуынша, 1-ші қаңтардан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығмен Катонқарағай мен Марқакөл аудандары құрылғанын, сонымен қатар аудандарда мемлекеттік мекемелерді құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
- «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру барысында Күршім ауданының орталық бастауыш партия ұйымы мен Самар ауданының №13 партия ұймдарының жұмысын атап өткен орынды, - деді Сайангүл Ахметкәрімқызы.
Анықталғандай, өткен жылғы партия ұйымының Қазцинк жауапкершелгі шектеулі серіктестігі балаларға 3 млн теңге көлемінде көмек көрсеткен. «Жер аманаты» облыстық комиссиясы өткен жылы 125,7 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарылған.
- Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 213 бизнес жобаны іске асыру мақсатында 1,5 млрд теңге қаржы толық игерілді. Биыл 7 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, - деп хабарлады төраға.
Форум барысында ұйым төрағаларына Алғыс хаттар табысталып, арнайы төсбелгілермен марапатталды.