ШҚО-да антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде

350
көрілім

Арнайы жасақ қызметкерлері қала тұрғындары сабырлық сақтап, уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгін Өскемен қаласы мен Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кенті аумағында облыстық және Ұлан аудандық жедел әрекет ету штабының  қызметкерлері «Өскемен-антитеррор 2019» тактикалық оқу-жаттығуы өтуде.

Оқу-жаттығу барысында террорлық шабуылдар кезінде жедел хабарландыру мен әрекет ету жағдайларына дайындық пысықталады. Әсіресе мемлекеттік органдардың террорлық фактілерді ескерту мен оның алдын алу, болдырмауға тосқауыл қоя білу шаралары назарға алынбақ.

Оқу-жаттығуда шартты түрде енгізілген «террористік қауіптің қызыл деңгейі» аясында арнайы мақсаттағы бөлімшелер террористерді қарусыздандыру және жою бойынша арнайы операция жүргізеді.