ШҚО-да апта соңына дейін көшкін жүру қаупі бар

441
көрілім

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының күрт жылынуына байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына қарамастан 2-9 мамыр аралығында көшкін жүру қаупі сақталады. Себебі биыл жауған қар мөлшері нормадан көп. Өткен аптаның соңында «Казселезащита» мамандары «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» жолының екі учаскесінде және «Өскемен-Алтай» тасжолының үш учаскесінде профилактикалық көшкін жүргізді. Соның нәтижесінде 16700 текше метр қар түскен, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, көшкін қаупі жоғары таулы жерлерге бармауға кеңес береді.