Осы үшін оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай қаласында Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізіп, 14, 12 және 10 жастағы балалардың өнеркәсіптік шұңқырларда шомылып жүргенін анықтады.
Мамандар жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Ал олардың ата-аналарына жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
ШҚО ТЖД мамандары төтенше жағдай болған кезде "112" нөміріне қоңырау шалуды еске салады.
shkoda_ataanalar_balalardy_shomyluha_kaui
59