Шығыс Қазақстан аумағында ақша жинау оқиғасы бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде мектептің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне Күршім ауданындағы № 3 мектеп - гимназиясының ата-аналары арызданды. Олар мектептегі ақша жинау фактісі бойынша шағымданып отыр, - деп хабарлады облыстық департамент мамандары. - 9-сынып жетекшісі уатсап желісіндегі ата-аналар чатына облыстық комиссия жұмысына қажет деп қаражат жинамақ болған.
Аталған іс бойынша тексеріс жүргізілді. Тексеру қорытындысы нәтижесінде сынып жетекшісі мен мектеп директорының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мұндай жағдайға тап болсаңыз келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: 8-708-60-42-151 (Уатсап), 8(7232)76-51-26, 76-51-17