Cол жағалау ауданының пробация қызметкерлерімен, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ, "Зекет" ҚҚ және волонтерлермен бірлесіп "Атаулы көмек" атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Басты мақсаты: әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсету, жастардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Әлеуметтік жағдайы жағынан төмен отбасыларына, көп балалы отбасыларға азық-түлік өнімдері таратылды.
Шара соңында отбасы мүшелері қызметкерлерге өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Солжағалау аудандық пробация қызметкері, әділет лейтенанты Е.Е. Малғаждаров