ШҚО-да атауы идеологиялық тұрғыда ескірген 148 көше бар

296
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында бүгінде атауы идеологиялық тұрғыда ескірген 148 көше тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Ономастика саласы елімізде ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде үлкен маңызға ие. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап 2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысында 141 әкімшілік-аумақтық бірліктің, 791 көшенің, 64 мектептің атауы өзгертілді. Көше атауларының 56%-ы 2017-2019 жылдары ауыстырылған, - дейді ШҚО Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Роза Төлемісова.

Оның айтуынша, қазірде өңірде атауы идеологиялық тұрғыда ескірген 29 әкімшілік-аумақтық бірлік, 3 мектеп және 148 көше бар.

- 24 Ленин атындағы, 10 Киров атындағы, 35 Советская, 14 Октябрская, 11 Комсомольская атты көшелердің атауы ауыстырылуы керек. Осы мақсатта алдағы уақытта тиісті шаралар атқарылады, - дейді Роза Әшімханқызы.