Жылы және ұзаққа созылған күздің салдарынан қарлы шыңдарды бағындыратын әуесқой жандар үшін бұл жағымсыз жаңалық болмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Біз соңғы екі жыл ішінде қонақтарды қарашаның соңғы күндерінде қабылдадық. Биыл маусым басына шамалы түзетулер енгізуге тура келді. Себебі – қардың жетпеуі. Шаңғы жолы біраз тығыздалса да шыңдардан түсу әлі де қауіпті – тастар, жалаңаш жердің беті көрініп тұр. Қауіпсіз сырғанау үшін беткейлерде қар «жастықтары» болуы керек, – дейді «Эдельвейс» тау шаңғы курортының маркетологі Маргарита Самсонова.
Қарда жүретін көлік иелері де дәл осындай жағдайға тап болып отыр.
Синоптиктердің болжамына сеңсек, 1 желтоқсанға дейін Риддерді қалың қар жамылғысы баспайды.