Облыстық Экология департаменті басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рауан Тұраров қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде қолға алынатын шараларға тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, ауа сапасының нашарлауы туралы ақпарат алдымен ірі кәсіпорындарға келіп түседі. Одан кейін ғана өзге мекемелер мен ұйым қызметкерлері құлағдар болады. Десе де Рауан Ерланұлы тұрғындарды бірдей хабардар ету бойынша жұмыстар қолға алына бастағанын жеткізді.
- Қазір ТЖ департаменті және СЭС-пен бірлесе, бюллетендер тарату арқылы осы мәселені шешу күн тәртібіне қойылды. Қала әкімдігі де көмек беруге әзір. Десе де метеорологиялық қолайсыз жағдайды алдын ала анықтау "Қазгидрометтің" құзыретінде, - дейді Рауан Тұраров.
Нұрбек АСҚАРОВ