Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күні өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
- Өскеменде аудандардың мәдени күндерін өткізу дәстүрін қайта жаңғырттық. Қала тұрғындары тікелей ауыл тұрғындарынан азық-түлік өнімдерін сатып алып, қолөнершілердің концерттері, көрмелері мен шеберлік сабақтарын тамашалай алады. Тарбағатай ауданының жәрмеңкесінде қала тұрғындарымен тілдескен кезде, көтерме-бөлшек сауда орталығының іске қосылуымен біз ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін сақтауға және оны делдалсыз сатуға мүмкіндік беретінімізді айттым. Шынында да, жәрмеңкеде бағалар нарық сатушыларына қарағанда едәуір төмен екендігі байқалды, - деп жазды облыс әкімі Ермек Көшербаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Оның айтуынша, қалалық Арбатта барлық тілек білдірушілер домбыра, жетіген, сыз сырнайдан сабақ алып, асық ойнауды үйренді. Достық үйінде үлкен гала-концерт өтті, жерлестеріне қолдау көрсету үшін опера солисті Болат Қанағатов келді.
- Сондай-ақ Тарбағатай ауданында 50 жастан асқан өз театры бар екенін атап өткім келеді. Қыркүйек айының соңында театр труппасы гастрольдік сапармен Өскеменге келеді. Аудандардың мәдениет күндері біздің біртұтас мәдени және рухани кеңістігімізді тағы бір рет көрсететініне сенімдімін. Бұл игі бастамаларға жол ашатын дәстүр болмақ, - дейді аймақ басшысы.