ШҚО-да өткен сайлау барысында Зайсан, Глубокое және Бесқарағай аудандарының мәслихатына жаңадан 4 депутат сайланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукин мәлімдеді.
– Аудандық мәслихаттарда кейбір депутаттар өз еркімен орнын босатқаннан кейін, қазан айында сайлау өтті. Жалпы саны 13 үміткер қатысып, 4 адам жеңіске жетті, – дейді Александр Рукин.
Комиссия төрағасының орынбасары айтып өткендей, сайлау барысында ешқандай заңбұзушылық әрекеттер анықталмаған.