Ауғанстаннан әскер шығарылған күннен бастап үш онжылдық өтті. Бұл жауынгерлік іс-қимылдарға 22 269 қазақстандық қатысса 924 жауынгер қаза тапты, 1015 жауынгер мүгедек болып оралып, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл өтуіне орай жауынгер-интернационалистерге арналған мемориалда қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, салтанатты гүл қою рәсімін өткізді. Сондай-ақ қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Рәсім ҚР ҰҰ 55/18 әскери бөлімі оркестрінің әуенімен жүргізілді.
- Олардың барлығы шынайы батылдық пен ержүректік танытты. Бұл күндері біз өзінің интернационалдық борышын өтеген ардагерлердің ерлігін құрметтейміз, - делінген мәліметте.
Іс-шараға ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Р. К.Унарбеков, ШҚО ПД аппаратының ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ж. Ким, ШҚ облыстық Ауған соғысы ардагерлері Одағы төрағасының бірінші орынбасары М.А.Самылтыр, Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушылар Т.Н.Ожиканов, А.С.Байсакалов, Ж.А.Думеев, К.К. Мұхамадиев, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысқа қатысушы Б. Б. Серменов, Тәжік-Ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейтуге Е.Б.Нұралин және ШҚО ПД КСБ қызметкерлері қатысты.