ШҚО-да ауруханаларды жөндеуге 256,3 млн теңге бөлінбек

99
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Онда 2024-2026 жылдарға арналған облыс бюджетіне өзгерістер енгізу туралы сөз етілді. ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Белбеев биылға арналған бюджетті нақтылау үшін қаражатты маңызды салаларға қайта бөлу себеп болды дейді. Бюджеттің басым бөлігі медициналық мекемелер мен білім ордаларын жөндеуге жұмсалмақ. Сонымен қатар Ермек Беделбайұлы биыл су тасқынымен күреске қосымша ақша бөлінгенін айтты. Қазіргі таңда өрттің алдын алу үшін бағытталған іс-шаралар да басты назарда тұр. Жиынға қатысқан депутаттардың барлығы бюджет өзгерістерін мақұлдады.
Өңірдегі барлық медициналық мекемелердің жөндеу жұмыстарына 256,3 млн теңге бөлінбек. Облыс әкімі ауруханаларды кезең-кезеңімен жөндеу қажет екенін алға тартты. Сонымен қатар Катонқарағай және Марқакөл аудандарында полция ғимараттары жөндеуден өтуде. Ермек Беделбайұлы құқық қорғау органдары мен сот ғимараттарын қалпына келтіруді тапсырды.

Қымбат МУХАМАДИЕВА