ШҚО-да «Ауыл Аманаты» бағдарламасы қалай іске асып жатыр?

341
көрілім
Фото - diapazon.kz сайтынан

Мемлекет басшысының ауыл халқының табысын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы іске асырылуда.

Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы перспективалы секторлардың бірі болып табылады және облыс экономикасы үшін маңызды мәнге ие, сондай-ақ елдің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негізгі сала болып табылады.

Облыста «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін 2023 жылға 1 535 118,0 мың теңге қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы «Ертіс» ӘКК» АҚ атынан сенім білдірілген өкіл (агент) анықталды. Қаржыландыру кестесі әзірленіп, облыстың басты назар аударылған шекара маңындағы аудандарына жеткізілді.

АШБ және «Ертіс» ӘКК» АҚ басшылары мен олардың орынбасарлары бастаған аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асырумен тікелей айналысады.

Бағдарламаны іске асыру 5 негізгі бағыт бойынша көзделген.

1. Үй маңындағы учаскелерді ұтымды пайдалану.

2. Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту.

3. Ауылдан тыс жерлерде ауыл шаруашылығы алқаптарын тиімді пайдалану, жемшөп дайындау, көкөніс өнімдерін өсіру.

4. Мал азығын дайындаумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және басқалар.

5. Жеке кәсіпкерлікті дамыту (өндіріс, қайта өңдеу, қызметтер)

Ағымдағы жылғы қараша айында облыстың барлық ауылдық округтері бойынша скирининг өткізілді және 109 ауылдық округтің барлық деректері «Ауыл Аманаты» жобалық кеңсесіне жіберілді.

5 негізгі бағыттың 2/3 бөлігін мал шаруашылығы (етті және сүтті мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы) алады. Бұл бағыт рентабельділік тұрғысынан неғұрлым тартымды болып саналады.

Қажетті құжаттарды жинау регламентке сәйкес жүргізілді. Бағдарлама туралы халыққа әлеуметтік желілер, арна жеделхаттары, БАҚ арқылы хабарланды және халықпен кездесу үшін АШБ, ӘКК және аудандардың ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің аудандарға шығулары ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні сенім білдірілген өкіл (агент) 1 млрд.749 млн. 818 мың теңге сомасына 237 өтінім қабылдады. 1 535,1 млн. теңге сомасына 213 шағын кредит (100%) берілді. 235 жұмыс орны құрылады.

Ауылдық округтерде 12 ӘКК анықталды.

Ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға жеңілдікпен кредит ала алды. Қарыз алу шарттары өте тиімді, әсіресе бұл пайыздық мөлшерлемеге қатысты.

1) микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;

2) шағын несиенің ең көп сомасы - ауылдық елді мекендерде( олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда - 2,5 мың АЕК-ке дейін, атап айтқанда 8 625 мың теңге, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін - 8 мың АЕК-ге дейін - 27 600 мың теңге;

3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 2,5 пайыздан аспайды;

4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын уақытты құрайды. 5 жылға - 20 айға дейін, 7 жылға – 28 айға дейін;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

Бұл кредитке жұмыссыздар да үміткер бола алатынын қосамыз. Төменде бизнесті бастау және дамыту үшін қаражат беру кезінде басымдық берілетіндердің тізімі берілген.

* Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;

* Зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын қызметкерлер;

* Отбасылық кәсіпкерлікте төленбейтін қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар;

* Сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;

* Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Ауыл тұрғындары бизнес бағытын таңдауда шектелмейді - ақшаны тек мал өсіруге, дақылдарды өсіруге немесе ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге ғана емес, сонымен қатар наубайхана, кондитерлік дүкен ашу немесе туристік бизнесті бастау үшін де алуға болады.

Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында ауыл тұрғындары арасында алдағы уақытта «Ауыл Аманаты» бағдарламасының жеңілдетілген кредиттер беруден жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясын ынталандыруға көшуі туралы дайындық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан орталықтары мен Орталық үй-жайларға жұмыс сапарлары жүзеге асырылды.

Бүгінгі күні 2024 жылға арналған «Ауыл Аманаты» бағдарламасын мемлекеттік қолдаудың басқа шараларымен байланыстыра отырып іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде.

Осы бағыт бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.