ШҚО-да «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының мобильді қосымшалары ашылды

417
көрілім

«АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының мақсат-міндеттерін түсіндіруге арналған 40 күнге созылатын республикалық ақпараттық марафон аясында мобильді топтар облыс тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мобильді топ мүшелері 1 тамыз бен 5 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының ауылдары мен ауылдық округтерінің тұрғындарына арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесулерін ұйымдастырады. Мобильді топ құрамында партия филиалдарының атқарушы хатшылары, аудандық мәслихат депутаттары, бизнес-тренерлер бар.
«АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы аясында еліміздегі әрбір ауыл мен қаланың өндірісінің басым бағыттары айқындалып, географиялық ерекшеліктері, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстары бойынша сандық деректер жинақталуда. Жиналған ақпарат жобалық кеңседе талданады, одан кейін ауылдық округтердің экономикалық мамандануына сәйкес тиісті әдістемелік көмек көрсетіледі.
Жоба мақсаты:
Ауылдық округ тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру.
Жобаның артықшылығы – 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру. Сонымен қатар, тұрғындар ауыл шаруашылығы саласының мамандарынан да кеңес ала алады.
Шығыс Қазақстан бойынша жұмыс кестесі:
Ұлан ауданы: Бозанбай ауылы, Тарғын ауылы.
Самар ауданы: Самар ауылы.
Тарбағатай ауданы: Ақжар ауылы, Тұғыл ауылы.
Зайсан ауданы: Зайсан қаласы және Дайыр ауылы,
Күршім ауданы: Боран ауылы, Күршім ауылы.
Қатон-Қарағай ауданы: Үлкен Нарын ауылы, Алтынбел ауылы.
Алтай ауданы: Соловьево ауылы, Тұрғысын ауылы.
Глубоковский ауданы: Глубокое ауылы, Березовка ауылы.
Шемонайха ауданы: Первомайский ауылы, Қамысты ауылы.