Шығыс Қазақстан облысының сайлау округтерінде 14 шілдедегі ақпарат бойынша 235 кандидат тіркелді. Олардың 85 (36,2%) – саяси партиялармен, 150 (63,8%)- өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды. Ең көп 4 кандидат – Үржар ауданының Мақаншы ауылдық округінде, Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылдық округінде, Глубокое ауданының Ушанов ауылдық округінде, Абай ауданының Архат ауылдық округінде. Қалған 73 сайлау округтерінде – 3 кандидаттан тіркелді, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев.
Саяси партиялар ұсынған 76 сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттар: «NurOtan» партиясы - 61 кандидат, «Ауыл» ХДСП - 18 кандидат, «Ак Жол» ҚДП - 1 кандидат, «АDAL» СП - 3 кандидат, ҚХП - 1 кандидат, ЖСДП - 1 кандидат.
- Облыстың 76 сайлау округтерінде 6 саяси партия ұсынылған: 11 сайлау округінде – 2 саяси партиядан, 65 сайлау округтерінде – 1 саяси партия, 1 сайлау округінде – өзін-өзі ұсынғандар болды, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алқанова.
Тіркеуден өткен 235 кандидаттың: 168 мемлекеттік қызметшілер. Сондай-ақ, 48 кандидат ауылдық округте әкім лауазымына қайта ұсынылғандар, 3 кандидат басқа ауылдық округтерде әкім, немесе бұрын әкім болғандар.
- Соңғы жұмыс орны мемлекеттік қызметпен байланысты емес 67 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптарының сәйкестігінен өтті. Олардың 9 - коммерциялық сала өкілдері, 52 - бюджет саласының қызметкерлері, 2 - уақытша жұмыссыз, 1 - үкіметтік емес ұйымдар, 3 – басқалар, - дейді Ерсайын Нәбиев.
235 кандидаттың 174 (74,5 пайызы) – ер адамдар, 61 (25,5 пайызы) – әйел адамдар. Кандидаттардың орташа жасы - 44 жас, ең жас кандидат – 26 жаста, жасы ең үлкені – 61 жаста.
Ауылдық округтерден 90 кандидат ұсынылыпотыр. 130 - сол ауданда, 14 - облыста тұратындар. Басқа өңірден қатысып отырған - 1, ол сол ауылдық округтің тумасы.