ШҚО-да ауыл әкіміне үміткер Мәжіліс депутатымен кездесті

665
көрілім

Шілде айының 15-і күні күні Семей қаласына қарасты Алғабас ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Мәжілісі Парламентінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Игорь Панченконың Алғабас ауылдық округі бойынша «Nur Otan» партиясынан ауылдық округ әкіміне үміткер Төлеген Теміржанұлы Құсайыновпен және ауыл халқымен кездесуі өтті.

Жауапты тұлғаның айтуынша, жарты жыл уақыт ішінде ел игілігіне арналған бір неше заңдарды қабылданған.

- Өздеріңізге белгілі ол заңдардың ішінде «Жер туралы» заңда бар, жер мәселесі ауыл тұрғындары үшін маңызды. Елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өткізіліп жатыр. Осы орайда үміткер ретінде ұсынылып отырған, ауылдастарыңыз өздеріңізге белгілі Төлеген Теміржанұлын қолдап дауыс беруге шақырамын, - деді Игорь Иванович.

Жиын барысында ауыл тұрғындары Мәжіліс депутатымен үміткерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

- Мен «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған ауылдық округк әкіміне үміткер ретінде өздеріңізге сайлауалды бағдарламамды таныстырар болсам, менің сайлауалды бағдарламам осы ауылдағы өзекті мәселелерді атап айтқанда жарық, ауыз су, ауыл көшесін абаттандыру, балаларға арналған ойын алаңдарын салу, ауылдағы шаруа қожалықтарының мәселелерін шешу. Сіздерді 25-шілде күні қолдауп дауыс беруге және дұрыс таңдау жасауға шақырамын, - деді үміткер Төлеген Теміржанұлы.

Шараға қатысқан ауыл тұрғындары үміткерді қолдайтындықтарын жеткізді.