Өңірде ауыл халқының 81,4 пайызы таза ауызсумен қамтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты.
– Халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету – өмір сапасының маңызды көрсеткіші. Өткен жылы облыста 37 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілген. 51 елді мекенде суды тазарту және таратудың модульдік станциялары орнатылды. Жыл қорытындысы бойынша облыс ауылдарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 77,4%-ды құрады. Жалпы ауыл тұрғындарының таза ауызсумен қамтылу деңгейі 81,4%-ға жетіп отыр, - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, өңірде 2015 жылдан бастап сумен жабдықтау нысандарына бағытталған қаржыландыру көлемі 9 есеге артқан.
– 2021 жылы тағы 37 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, халық аз қоныстанған 51 елді мекенде блокты-модульді станциялар орнатылады, - деді Даниал Ахметов.