Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері еліміздің бірнеше өңірінде ауыл шаруашылығын басқаратын шенеуніктерді ұсталды деп, хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ведомство мәліметінше, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазян, Жамбыл облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Е. Кулкеев және Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Б. Ізімтаев қолға түскен.
– Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп нақтылады ведомствода.
БАҚ беттерінде жарияланғандай, шенеуніктер ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың күзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тоғыз өңірдің шенеуніктерін аталған айып бойынша анықтады. Күдіктілер үнемі кәсіпкерлерден пара алып отырған.