Өңірімізде биылдан бастап ауыл тұрғындары кәсіпкерлік негіздеріне оқытыла бастады. Шалғай орналасқан елді мекендердің тұрғындарын қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамту үшін мобильді оқу орталықтары ашылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Азаматтарды қажетті мамандықтарға оқыту керек, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. – Бірінші кезекте мектеп оқушылары назарға алынуы қажет.
Өңір басшысы нарық қажеттілігіне сай орта кәсіби дайындық саласындағы жұмыстарды аяқтауды тапсырды.