ШҚО-да ауылдарға газ тарту мәселесі нақты шешілмей тұр

555
көрілім

Тарбағатай ауданында табиғи газ өнідірілетініне қарамастан өндіру орнына жақын орналасқан ауылдарға әлі күнге дейін газ құбыры тартылмады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Барлық өнідірілетін газ Қытайға жіберіледі. Бұл мәселе Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының отырысында көтерілді.

Сауалға қатысты берген жауабында ШҚО әкімі келісімшартты жасау кезінде қателіктерге жол берілгенін мойындауға мәжбүр болды.

– «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-мен жасалған келісім дұрыс емес, тиімсіз деуге болады.  Бүгінде ауылдарды газдандыру тақырыбы анық емес. Біз табиғи газ кен орны табылған және көлемі артқан жағдайда шартты қайта қарай алатындай етіп, үкіметке өтінім бердік. Құжатта Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Үржар аудандарына газ құбырын тарту көзделген, – деді Даниал Ахметов.