ШҚО №1 кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өкілдері ұсынған ресми мәліметке сәйкес ауыр қылмыс жасау бойынша алты айдың көрсеткіші көңіл көншітпейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы Сәния Тұтқанбаеваның әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша өткен жылдың жарты жылдығымен салыстырып, нақты сандарды мысал етті. Белгілі болғандай, азаматтық істерді қарауда өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Мәселен 2020 жылдың алты айы бойынша 203 іс қаралса, биыл сол сандар 268-ге көбейген. Азаматтық іс дегенде де балалардың тұрғылықты мекенжайын анықтау, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу хақындағы жайттар.
- Осы ретте қылмыстық іс бойынша оң өзгеріс байқалғанын айта кеткен орынды. Қаралған істердің тоғызына үкім шығарылды. 2021 жылдың жарты жылдығы бойынша жеңіл, ауырлығы орташа қылмыс саны төмендесе, аса ауыр қылмыс жасау бойынша сандар ұлғайып тұр. Айталық, өткен жылы тоғыз іс қаралса, осы уақытқа дейін 13-ке жеткен, - деді жауапты тұлға.