Шенеуніктер бұл бағытта облысішілік, облысаралық және қалааралық бағыттарда қызмет көрсететін тасымалдаушы компаниялармен жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Қазір облысішілік, облысаралық және қалааралық бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушы компанияларда жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш тасымалдаушымен автопаркті жаңарту бойынша талаптарды орындамағаны үшін қызмет көрсету шарттары бұзылды, – дейді Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.