Бес күннің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары ізін суытпай 147 қылмыс пен бұрын жасалған 74 қылмысты ашты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, наурыз айының 12-18 аралығында Шығыс өңір аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Операцияның мақсаты – құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, оның ішінде нөлдік төзімділікті анықтап, жолын кесу. Полиция қызметкерлері тыйым салынған жерлерде спирттік ішімдіктер ішіп, темекі шегу, тыныштықты бұзу және қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтау бойынша жұмысты күшейтуде. Сондай-ақ мас күйінде көлік құралдарын басқару фактілері мен басқа да құқықбұзушылықтар анықталмақ.
Берілген мәліметке сәйкес бес күннің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары ізін суытпай 147 қылмыс пен бұрын жасалған 74 қылмысты ашты.
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы барысында 7800-ден астам, оның ішінде ұсақ бұзақылық жасаған үшін - 955 (ҚР ӘҚБтК 434-бабы), спирттік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін – 1270-тен астам (ҚР ӘҚБтК 440-бабы), тыныштықты бұзған (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) - 237, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамаған (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) – 1014, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережесін бұзған (ҚР ӘҚБтК 615-бабы) 1301 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Мәселен наурыз айының 16-сы күні сағат 15:10-да «Алматы-Өскемен» тасжолының 970-шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары полиция аға лейтенанты Мейіржан Жақсыбек пен полиция аға лейтенанты Думан Советханов Toyota Camry маркалы автокөлігін тоқтатып, салонынан тиісті құжаттары жоқ 136 келі балық тәркіленді. Жалпы шығын 265 000 теңгені құрады. ҚР ӘҚБтК 389-бабына сәйкес (жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) әкімшілік хаттама толтырылды.