Риддер қалалық полиция бөліміне ВАЗ-2110 көлігінің иесі төрт дөңгелегін белгісіз біреулер ұрлап кеткендігі туралы арызданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жәбірленуші өзінің көлігін кешкі уақытта қоршалмаған техникалық қызмет көрсету станциясының маңына қойғанын, таңертең жалпы құны 148 000 теңге тұратын автокөлігінің төрт дөңгелегі ұрланғанын айтқан.
Жүргізілген бірқатар жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде Өскемен қаласында 22 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
- Тергеу барысында қаскүнем есігі ашық қалған көлікті байқап, салонға кірген. Ұрымтал сәтті пайдаланып, сол жерден магнитоланы қолды қылған. Ұрланған заттарды сатып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 000 теңгені құрайды. Жымқырылған заттар алыпсатарлардан табылып, тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.