ШҚО-да автосақтандыруды мамандандырылған ХҚКО-да рәсімдеуге болады

314
көрілім
Шартты фотосурет

Енді автокөлікті мамандандырылған ХҚКО-да тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде клиент сақтандыру полисін сатып ала алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұдан былай басқа терезелерден кезекке тұру немесе «көмекшілерден» сақтандыруды ресімдеудің қажеті жоқ. Мамандардың айтуынша, қазір бұл қызмет Өскемен және Семей қалаларында қолжетімді.
Автокөлікті қайта тіркегеннен кейін клиенттерге ақпараттық жүйелері бір-бірімен біріктірілген сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады.
- Мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті сақтандыруы автоәуесқойлардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір терезеде олар көлікті қайта рәсімдеп, оны бірден сақтандыра алады, - дейді филиал директоры Азамат Есембулов.
Мемлекеттік корпорацияда автокөлік иелеріне автокөлікті мобильді банктік қосымшалардың көмегімен қайта ресімдеуге болатындығын еске салады.
- Мобильді банкинг арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу сервисі Kaspi және Halyq Homebank қосымшаларында онлайн қолжетімді. Автокөлікті сату немесе сатып алу үшін қосымшаны ашып, «төлемдер» санатын таңдау керек. Бұдан әрі – «мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар мен салықтар» төлем түрі. Тізімде «автомобильді қайта ресімдеу» қызметін табыңыз. Келесі әрекеттердің екі нұсқасы ашылады: сатушы мен сатып алушы үшін, - делінген мәліметте.
Тіркеу барысында сатып алушы мемлекеттік баж салығын төлейді және нөмірді таңдайды. Машинаны сатып алушы тіркегеннен кейін арнайы шоттан ақша автоматты түрде сатушыға аударылады.

Осылайша, бірнеше рет басу арқылы мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінбей, көлікті қайта ресімдеуге болады.