ШҚО-да аяғы ауыр әйел ыс тиіп ауруханаға түсті

326
көрілім

Бесқарағай ауданында ыс иісін анықтайтын құрылғының дабылына мән бермеген әйел адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Ыс тиген Бесқарағай ауданының тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын өрт сөндірушілер оның үйіне ыс иісін анықтайтын құрылғыны орнатқан болатын. Алайда аяғы ауыр әйел оқиға орын алардан бір күні бұрын дабыл қаққан құрылғыны өшіріп тастаған, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Дәрігерлердің айтуынша, ауыл тұрғынының денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.