ШҚО-да аяз кезінде сабақ өткізу жалғасады

577
көрілім
Шартты фотосурет

Облыстық Білім басқармасындағылар қыста аяз күшейгенде сабақ қалай жалғасатыны туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін жел ұйтқи соғып, күн қатты суытқан кезде оқушылар сабаққа бармайтын еді. Енді ауа райының қолайсыздығынан білім ордасына бару қиындап кетсе де сабақ онлайн тәртіпте өте береді.

– Тиісті бұйрық шығып қойды, – деді Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасындағылар.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қашықтан сабақ оқу мынадай жағдайда жалғасуы мүмкін:

Жел екпіні 2 м/с жылдамдықтан аспаса:

  • 28°С және одан төмен болса – 1-4 сынып оқушылары үшін,

  • 32°С және одан төмен болса – 5-9 сынып оқушылары үшін,

  • 34°С және одан төмен болса – 10-11 сынып оқушылары және бірінші, екінші курста оқитын колледж студенттері үшін.

Жел екпіні 2 м/с жылдамдықтан жоғары болса:

  • 23°С және одан төмен – 1-4 сынып оқушылары үшін,

  • 27°С және одан төмен – 5-9 сынып оқушылар үшін,

  • 29°С және одан төмен – 10-11 сынып оқушылары және бірінші, екінші курста оқитын колледж студенттері үшін.

Сонымен қатар мектеп пен колледждердегі сабақ көктайғақ пен жел екпіні қатты болуы салдарынан өткізілмеуі мүмкін.

Дәстүрлі форматтағы сабақ болмайтындығы, онлайн тәртіпте жалғасатыны ресми облыстық сайттарда жарияланып отырмақ.

– Сонымен қатар бұл ақпараттарды теледидардағы жүгіртпе жолдан, радио арқылы таралатын ақпараттан, білім басқармасының Facebook, Instagram, Telegram парақшаларынан білуге болады, – делінген мәліметте.

Сабақтың ауыстырылғаны жайлы мәлімет бірінші ауысым оқушылары үшін таңертеңгі сағат 6:45-8:00, ал екінші ауысымда оқитындар үшін түскі сағат 11:15-13:00 аралығында таралады.