Бүгін республиканың батысында, солтүстік-батысында қар жауып, шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамынша, Жамбыл, Алматы облыстарының кейжерлерінде тұман күтіліп, жел 15-22 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Атырау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Мамандар ШҚО-да түнде кей жерлерде қатты аяз сақталатынын ескертеді.