ШҚО-да «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясы жалғасуда

369
көрілім

Бүгінде «Азаматтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясы жалғасуда. Түбіртекті ұсынудан немесе төлем картасы бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқан жағдайда қазақстандықтар орын алған факт бойынша хабарлап, сыйақы ала алады.

Фискалдық түбіртекті бермеу немесе төлем карталары бойынша төлемді қабылдаудан бас тарту фактілері туралы App Store және Play market-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы хабарлауға және фискалдық түбіртекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефон теңгеріміне сыйақы (ЖТС шегеріле отырып 1000 теңге) алуға болады.

Кәсіпкердің адал еместігінің дәлелі «WIPON CASHBACK» қосымшасының шағым бөлімінде тіркелген бейнежазба болып табылады.

Сатушы туралы мәліметтерді дүкен кассасының жанында QR-код түрінде орналасқан салық төлеушінің төлқұжаты арқылы білуге болады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Wipon салық инспекторының кабинетіне барлығы 293 өтініш келіп түсті.