ШҚО-да табиғи балды өңдейтін фабрика салу мәселесі қарастырылып жатыр деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұндай өндіріс орны аудандарда тұратын омарташыларға тиімді. Егер жоба жүзеге асырылып жатса олардың тауарын халықаралық нарыққа шығаруға мүмкіндік туады. Ол үшін қазір облыс басшылығы инвесторлар іздеп жатыр. Бұл туралы Күршім ауданы тұрғындарымен кездесу барысында облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.
Жалпы, еліміздегі балдың 77 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі.