Облыстық санитарлық-жпидемилогиялық бақылау департаменті басшылығының мәліметінше, бірнеше лагерьде ешқандай бұзушылық байқалмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, бүгінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға 2 өтініш түсті. Олар:
1.«Жемчужина» Алтай ауданы,
2. «Балдәурен» Күршім ауданы,
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 5 лагерлерге берілді:
1-"Царская долина" –Ұлан ауданы;
2- "Синегорье"-Риддер қаласы;,
3. «Жігер» Алтай ауданы,
4. «Дарын» Глубокое ауданы,
5. «Алау» Глубокое ауданы.
Қалған 5 маусымдық лагерьде дайындық жұмыстары жалғасуда.
- Жазғы сауықтыру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2023 жылғы 12 сәуірдегі №133 бұйрығы негізінде әрбір сауықтыру ұйымына аумақтық басқармалар мамандарымен қатар департамент мамандарына жауапкершілік жүктелді, - делінген департамент өкілдері ұсынған мәліметте.
Осы бұйрыққа сәйкес департамент мамандары санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша әрбір лагерді тексеруге қатысады.
Департамент өкілдері облыстық білім басқармасымен бірлесіп, жазғы маусымға лагерьлерді дайындау бойынша күнделікті жүйелі жұмыс жүргізілетінін алға тартты. Сауықтыру ұйымдарының басшылары мен шаруашылық жүргізуші субъектілері рұқсат құжаттарынсыз лагерьлер ашқаны үшін жауапкершілікке тартылатындықтары жөнінде хабардар көрінеді.