Биылғы жылы шығысқазақстандықтар балқарағай жаңғағын молынан теруде. Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыс бес жылда бір рет болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Облыс орталығының тұрғындары заңсыз сауда орындарында жаңғақтарды көптеп сатып жатқанын көруде.
Жаңғақтарды дайындау облыстық мәслихаттың шешімімен реттеледі. Соған сәйкес оларды жинауға рұқсат қағаз қатты талап етілмейді.
– Орман қорындағы саңырауқұлақтар мен жаңғақтарға орман билеті беріледі. Ал жаңғақтарды жинау 10 килограмға дейін. Егер асып кеткен жағдайда ескерту немесе 3 АЕК әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тиісті құжат болмаса сатушыларға да осындай шара қолданылады, – деді ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов.