Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әйел банктің кассалық операциялар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Былтыр желтоқсан айының 11-20 аралығында оның 31 900 000 теңге ұрлағаны мәлім болды. Оған қоса күн сайын 2,5 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін қалтасына басып отырған.
- Бұрынғы қызметкердің кінәсі қаражаттың жетіспеушілігі анықталған есеппен, қолма-қол ақшаны тексеру актісімен, куәгерлердің берген жауаптарымен, бейнежазбалармен және басқа да дәлелдермен расталды, - деді Риддер сотының баспасөз қызметіндегілер.
Әйел 7 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ оған жеті жыл бойы банк қызметіне қатысты лауазымдарда жұмыс істеуге тыйым салынды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.