ШҚО-да басқармаларға жаңа басшылар тағайындалды

212
көрілім

  Күні кеше облыс әкімі Ермек Көшербаев облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов пен Дін істері басқармасының басшысы Жанат Мекееваны ұжымға таныстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

         Рамазанов Нұрлан Сағибекұлы 1985 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылында дүниеге келген.

2008 ж. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірді. Мамандығы - өнеркәсіптік жылу энергетикасы. 2012 жылы "Мәскеу энергетикалық институты" Ұлттық зерттеу университетін бітірді. "Жылуэнергетика" бағыты бойынша техника және технология магистрі.

2008 жылдан бастап «Алтайэнергоналадка» ЖШСнің жылу технигі болып жұмыс атқарды.

2009 жылы  «Өскемен ЖЭО» ЖШС-нің қазандық жабдықтарының операторы;

2009 жылдың 15 қазаннан бастап 2010 жылғы 18 тамызға дейін «Өскемен металургия кешені» қызметкері;

Мемлекеттік қызметте 2012 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. 2012 жылы "Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті" ММ бас маманы;

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі;

2017 - 2020 жылдары "ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы;

2020 жылдың 24 ақпанынан бастап "ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ басшысының орынбасары;

2023 жылдың 28 сәуірінен бастап «ШҚО құрылыс, энегетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Жанат Жұмағазықызы Мекеева 1979 жылы 27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы қазіргі Самар ауданында дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша (2003 жыл), С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды құқықтану біліктілігі бойынша (2009 жыл) бітірген.

2003-2006 жылдар аралығында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы, бас маманы;

2006-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы;

2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;

2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы;

2013 жылы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының бөлім басшысы;

2014-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы;

2016-2022 ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;

2022-2023 ШҚО әкімінің кеңесшісі;

2023.11.09 бастап осы күнге дейін ШҚО әкімінің аппараты хатшылығының басшысы қызметін атқарып келді.