«Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің
Жиынның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасы тармақтарының орындалуы бойынша үш мәселе қаралды.
Бірінші - бизнестің жол картасы – 2025 мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жайлы;
Екінші - 2021 жылғы бизнесті қаржылық емес қолдау (кәсіпкерлік негіздеріне оқыту) жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы.
Үшіншісі - «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай кеңсесін енгізу жөнінде.
«Бастау бизнес» жобасын іске асыру бойынша төрт жыл ішінде 11 мыңнан астам адам білім алды. Оның ішінде тыңдаушылардың 25%-ы кәсібін ашып, жұмыс орындарын құрды. Биыл 1944 адам оқыды, - деді ШҚО кәсіпкерлер Палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.
Жиын барысында кеңес мүшелері «Nur Otan» партиясы ШҚОФ жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.